09
октябрь
2020
"Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні"
10 қазан "Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне" орай 9 қазан күні 247 жалпы орта мектебі психологы Алтынбекова Жадыраның ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына " Менің психикалық денсаулығым " тақырыбында ZOOM платформасы арқылы вебинар жүргізілді. Мақсаты: психикалық денсаулықтың маңыздылығы жөнінде хабардар ету және нығайту дағдыларын қалыптастыру. Вебинар барысында оқушылармен " Мен өз сезімдерімді қалай реттей аламын?" , " Бойымдағы жағымсыз сезімдерден қалай арыла аламын?" , " Кімге жүгінуім керек? " , Менің досыма көмек қажет екенін қалай білемін? " , т.с.с сұрақтарға жауап алынды. Онлайн кездесуде оқушылар еркін ой- пікірлерін ортаға салып, кері байланыс жасалды.






