01
февраль
2022
Интернет желісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық бекеті #247 орта мектебінде 1.02.2022ж "Интернет желісінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысты мектеп директоры Нурбол Идирисов ашып берді. Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Бегимбетов Интернет желісіндегі балалар қауіпсіздігі бойынша ата-аналарға арналған жадынамамен таныстырды. Оқушылардың мектепке ұялы телефон алып келмеулері керек екені түсіндірілді.Жасөспірімдердің өз- өздеріне қол жұмсауға итермелейтін ойындарды ойнатпауын қадағалап отыруды ескертті. Мектеп психологы М. Исаева "Өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу" тақырыбында баяндама оқып, видеороликтер көрсетті.