05
февраль
2021
Нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған 2021 жылға арналған сайыстар мен байқаулар
Жаңақорған Ауданының Білім Бөлімі Қызылорда облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе оқушылар арасында профилактикалық шаралар өткізуде. Бекітілген " Нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған 2021 жылға арналған сайыстар мен байқаулар" жоспары шеңберінде мектеп оқушылары екі шараға қатысты. Нәтижесінде оқушылар арасында есірткіге қарсы эссе жазу сайысында №247 мектеп оқушысы Қазбекқызы Шұғыла, 195 мектеп-гимназия оқушысы Әбдіқадыр Несібелі, №54 мектеп оқушылары Жәдігерқызы Айғаным, Ергешбаева Ақмарал, 256 мектеп оқушысы Ғалымжанқызы Нұрай жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ №180 мектеп оқушылары отандық және патриоттық әндер сайысында екінші орын алды. Оқушылар сайысқа қашықтықтан қатысуда. Гаухар Омарова -мен бірге!
#нашақорлыққажолжоқ
#берікотбасыесірткіденалыс
#менсалауаттыөмірсалтынқалаймын
#нашақорлыққажолжоқ
#берікотбасыесірткіденалыс
#менсалауаттыөмірсалтынқалаймын