№247 жалпы орта мектебінің тарихы » №247 жалпы орта мектебі
<
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№247 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3572222
Есепші бөлімі:
+7(727) 3572252
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №247 жалпы орта мектебінің тарихы
14
январь
2020

№247 жалпы орта мектебінің тарихы

№247 жалпы орта мектебінің тарихы

          Алғашында Орынбор-Ташкент темір жолы бойындағы бастауыш мектеп филиалы болып жұмыс жасаған. Ең алғашқы ұстаздықты Игісінов Шаймерден деген кісі атқарған. Түркістан қаласындағы темір жолға қарайтын №19 мектепті үздікке бітірген  Тұрсынбай Әбдіқадіров 1942 жылы осы мектепте ұстаз болып келген. 1949 жылдан 1954 жылға дейін  Жарылқасынов Ермекбай ағай мұғалімдік қызмет істеген. 1954 жылы жанұялы қос ұстаз Тұрсынбай Әбдіқадіров пен Тұрсынкүл Оспанова «Бесарық» станциясына мұғалім болып жіберіледі. «Бесарық» бекетіндегі темір жолға қарасты бастауыш мектеп филиалы №15 мектеп  болып құрылып, оның меңгерушілігіне Тұрсынбай Әбдіқадіров тағайындалады.

         Ташкент темір жолына қарайтын №15 бастауыш мектебі  болған білім ордасы 1970 жылы №247 мектебі болып атауы өзгеріп, Жаңақорған аудандық оқу бөлімінің қарамағына өтті. 1975 жылы «Бесарық» астық қабылдау пунктіне директор болып келген Бимен Еденбаев пен Тұрсынбай Әбдіқадіровтың бастамасымен ауылдан жаңа мектеп ғимараты салынды. Осыған дейін бекет казармасында жұмыс істеген мектеп жаңа ғимаратқа көшеді. 1975 жылы        8 жылдық білім беру жүйесіне ауысады. Сол жылы 105 оқушы білім алып,   10 ұстаз  еңбек ете бастады. 1985 жылы негізгі мектептің директоры болып Сүлейменов Тұрар тағайындалады. Егемендік алған жылдардың басында 1993 жылы білім ошағы орта мектеп дәрежесін алып, оқушы саны артты. 2011 жылы ауыл көркіне сән берген,  жаңадан бой көтерген 250 орындық типтік  жобадағы  мектепке көшеді.  Ғимарат ішінен 45 балаға арналған «Балбөбек» шағын орталығы іске қосылады. 

        2013-2018 жылдар аралығында Өтеев Талғат мектеп директоры қызметін атқарған. 2018 жылдан қазіргі таңға дейін Ыдырысов Нұрбол  мектеп директоры қызметін атқарып келеді. 

      Бүгінде  300-дей  оқушыға елуден аса ұстаздар білім береді, барлығы  жоғары білімді,  жоғары санатты заманауи  заманның талаптарына  сай.  Жаңа технологияны меңгерген, ғылыми жобаларды бағытқа алған,  өнерпаз,білімді шәкірттерді республикалық, облыстық байқауларға шығарып аянбай еңбек етуде. 

     Мұндай жетістік  кешегі аға буынның салып кеткен сара жолынан деп түсінеміз. Сол ізгі жолды бүгінде үлгілі ұстаздар жалғап келеді. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив